«Әл-Фараби» кітапханасында ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойының салтанатты ашылу салтанаты өтті. Шараға елімізге белгілі тұлғалар, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының құттықтау сөзімен ашылды. Университет тарихынан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімі Досаев Ерболат Әскербекұлы, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы барша қатысушыларды мерейтоймен құттықтады.
Бірқатар ғалым-ұстаздар «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Құрмет грамотасы», ҚазҰУ «Ерен еңбегі үшін» медалі т.б. марапаттармен марапатталды.
Кеш соңында көркемөнерпаздардың АRT орталығының онерлі жастарының музыкалық номерлерімен жалғасты.