Бүгін 25.01.2024 жылы “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы Заң факультетінің 1 курс, 117 тобының студенттерімен бірге БҰҰ-ның Тұрақты дамудың 13 - мақсаты “Климаттың өзгеруімен күрес” бойынша семинар өткізді. Бүгінгі таңда Қазақстан қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін халықаралық реттеуге белсенді қатысады. Ел осы саладағы көптеген халықаралық келісімдер мен конвенцияларды ратификациялады. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі шараларды іске асыруға да бағытталған. 2021 жылғы 2 қаңтарда бекітілген Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады. Ғылыми семинарды өткізуге 117 тобының студенттері белсенді атсалысты.