Гендерлік теңдік

25 қаңтар, 2024

Тұрақты даму бастамасы аясында 2024 жылдың 25 қаңтарында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Битабарова Ж.А. әл-Фар ҚазҰУ заң факультетінің магистранттарымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шара БҰҰ-ның 5-ші тұрақты даму мақсатына арналған. Семинар барысында оқытушы Қазақстанда гендерлік теңдік бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын, бұл салада қандай проблемалар бар екенін, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдауға болатынын түсіндірді. Қытайдан келген магистранттар өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.