Дүниежүзілік сайлау күні әл-Фараби атындағы Қазұу-да аталып өтті
Жыл сайын барлық елде ақпан айының бірінші бейсенбісінде 2005 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың Заң факультетінің базасында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Алматы қаласы Бостандық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Калиаскарова Шолпан Рысбекқызы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы орналасқан 258, 259 және 568 сайлау учаскелерінің төрағалары мен мүшелері, және сайлаушы студенттер қатысты. Іс-шарада сайлау жүйесі, елімізде өткен сайлаулардың қысқаша тарихы мен соңғы енгізілген өзгерістер туралы пікір алмасылды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.