Алматыда өткен Үндістанның Республика күні
Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы аясындағы "Тұрақты даму үшін серіктестік" бағыты бойынша 28.01.2024 ж. Алматыда Үндістан Республикасының 75 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Шараға қатысуға шығыстану факультеті, үндітану бөлімінің оқытушылары Алматыдағы Үндістан Республикасының Бас консулы Суапнил Кхотаваде мырза тарапынан арнайы шақыртылды. Аталмыш шараға ҚР-дағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі д-р Нагендра Прасад мырза, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі басшысының орынбасары Исламбек Раимов мырза қатысты. Мерекелік шара жоғары мәртебелі Нагендра Прасад мырзаның жалпы Үндістанның соңғы жетістіктері мен үнді-қазақ қарым-қатынастарының қарқынына шолу жасаған баяндамасынан басталып, үнді музыкасы мен би өнерімен таныстыратын дәстүрлі мерекелік бағдарламаға ұласты.