Дүниежүзілік сайлау күніне арналған дөңгелек үстел
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша сайлау орталығының өкілі Қалиасқарова Шолпан Рысбекқызы мен ҚазҰУ сайлау учаскелерінің төрағалары мен заң факультетінің студенттері қатысты.
Осы іс-шара аясында қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету, жас сайлаушыларда демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру, сайлаушылардың қатысу белсенділігін арттыру болып табылады.
Сайлау халықтық егемендікті жүзеге асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдірудің, мемлекеттік тетіктің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады.
Сайлау комиссиясының негізгі мақсаты жастардың сайлауға қатысуға, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға деген қызығушылығын оятуға ұмтылу болады.