30 қантар 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының үлкен дәріс залында Біріккен Ұлттар Ұйымының «Барлығына сапалы білім беру», «Бейбітшілік, әділеттілік, тиімді институттар» Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойына арналған «Сот билігінің іске асырылуы: прокурордың қылмыстық істің материалдарын сотқа жіберуі, істердің сотта қаралуы» тақырыбында білім алушыларға қонақтық лидерлік дәріс өткізілді.
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Маликова А.Ш., Медеу ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Куланбаев Е.Т., Медеу ауданы Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ташев А.О. дәріске қатысып, баяндамалар оқыды.
Іс-шарада сұрақ-жауап форматында қылмыстық саясатты іске асырудың, сот төрелігін орнатудың, қылмысқа қарсы күрестің, Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдарына мемлекеттік қызметке тұрудың өзекті мәселелері талқыланды.
Шақырылған қонақтар-лекторлар алғыс білдіріп, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Р.Е. Джансараеваға қызықты және мағыналы көшбасшылық дәріс өткізуді ұйымдастыруға басшылық еткені үшін рахмет айтып, профессор-оқытушылар құрамына шығармашылық табыс және білім алушыларға жоғары оқу жетістіктерін тіледі.