«Дұрыс тамақтану-деннің саулығы мен ұзақ өмір сүрудің кепілі»
2024 жылғы 8 қаңтарда биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушылары Қайрат Б.Қ, Ешмуханбет А.Н. 7M05102-Биомедицина мамандығының 2 курс студенттерімен «Дұрыс тамақтану-деннің саулығы мен ұзақ өмір сүрудің кепілі» тақырыбы бойынша ТДМ 3 шеңберінде денсаулықты күтудің негізгі белгілері - дене белсенділігі және дұрыс тамақтану мақсатында семинар-тренинг өткізілді.
Денсаулықты сақтаудың басты шарттарының бірі дұрыс тамақтану болып табылады. Тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн және тамақ құрамының құндылығы жайлы түсіндірілді. Дұрыс тамақтану салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады, оның негізгі ережелері балалық шақтан берілуге тиіс және өмір бойы сақталуы тиіс. Тамақтану пирамидасы – диетологтар ұсынған, дұрыс тамақтану принциптерінің схемалық түрі талданды. Семинар-тренингта магистранттарға күнделікті мәзірде ақуыздарды, микроэлеменнттердің болуын қадағалау керектігі айтылып, газды сусындар мен фаст-фуд өнімдерін пайдаланбауға кеңес берілді. Дұрыс тамақтануға байланысты халық мақал-мәтелдері айтылды. Студенттер арасында кең танымалға тез дайын болатын, әр түрлі химиялық қоспаларға толы тағамдар ие болғаны алаңдатады. Сондықтан дұрыс тамақтанудың заңдылықтарын сақтамау көптеген қауіпті аурулар дамуының факторы болады