Бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар

30 қаңтар, 2024

30.01.2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті, заң факультетінің 305-топ студенттері, топ эдвайзері, заң ғылымдарының кандидаты Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Мынбатырова Нұрлайым Қанбатыровнаның ұйымдастыруымен, БҰҰ-ның №16 ТДМ «Бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар» аясында «Адам құқығын қорғаудағы адвокатураның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Өміртай Роза шақырылды. Дөңгелек үстел барысында қазіргі таңдағы адвокатураның жағдайы және адвокаттардың құқықтық мәртебесі, құқықтық жүйедегі адвокаттың рөлі, оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ бұл мамандықтың болашағы талқыланды. Роза Өміртайқызы адвокаттық этика нормаларын сақтаудың, клиентпен сенімді қарым-қатынастың, оның құпияларына құрметпен қараудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Адвокат өз тәжірибесінде кездескен жағдайлардан мысал келтіре отырып, адвокаттардың қызметінде кездесетін кедергілерге байланысты туындайтын проблемалар туралы, осы проблемаларды шешу бойынша қандай ұсыныстар жасалып жатқандығы туралы баяндап берді. Спикердің баяндамасын студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдады. Студенттер кәсіби маманға өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, толық мағлұмат алды.