- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ ТДМ 4-мақсат: Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру
БҰҰ ТДМ 4-мақсат: Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2024 жылғы 31 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Экономикалық қауіпсіздік және кедендік реттеудің құқықтық мәселелері: тиімді шешімдерді іздеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Бұл конференцияны БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырды. Конференцияны реми түрде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Г.А.Куаналиева ашты.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушыларына құттықтау сөздерімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі з.ғ.д., профессор Е.Э. Дүйсенов; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Д. Л. Байдельдинов; ҚР Конституциялық Сотының судьясы, з.ғ.д., профессор А.Е. Жатқанбаева сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс жұмысына отандық және шетелдік мамандар қатысты: з. ғ. д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры Ибраева А.С.; экономика ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің профессоры (Өзбекстан) Исроилов Б. И.; Даруссалам Гонтора университетінің профессоры, PhD (Индонезия) Akhmad Affandi Mahfudz; Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндіріп алу бөлімінің бас маманы Мұхамедияр А. У.; Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Меркибаев Ж.Е.; Алматы қаласындағы "Отбасы банк" АҚ директорының орынбасары Құсманов Р. Р.; Мемлекеттік Гданьск университетінің профессоры (Гданьск қ., Польша) Juchnevicius Edvardas.
Конференция жұмысына кафедралар мен факультеттердің ПОҚ, студенттер мен магистранттар белсенді қатысты.