«Экологиялық сауаттылық». ТДМ-15
5 ақпан, 2024
5 қаңтар күні, География және табиғаттану факультеті ҚазҰУ психологы Амангелді Мейрамбекұлымен бірлесіп семинар-тренинг өткізді. Тақырыбы «Экологиялық сауаттылық».
Семинарда студенттер экология ғылымын тереңінен түсініп, ой-өрістерін кеңейтті. Семинар барысында көптеген мысалдар келтіріліпп, студенттер өз өмірінен экологияға байланысты оқиғаларымен бөлісті.
Бұл тақырып ТДМ-ның бірден 4 бағытын қамтыды десе болады;
ТДМ-12 өнеркәсіп және таза қолданыс
ТДМ-13 климаттың өзгеруіне қарсы күрес,
ТДМ-14 су экожүйесін қорғау,
ТДМ-15 жердегі экожүйені қорғау
Семинар соңында студенттер экологияның қолайлы болуына жердегі әрбір адам және әрбір іс-әрекет әсер ететінін түсінді. Және ол іс дәл қазір басталуы керек.