4-мақсат: Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру

5 ақпан, 2024

05 ақпан 2024 ж «Мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелері» пәні бойынша өткен сабақта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1 курс магистранты Қобландина Аружан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құқықтық мәдениет Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың құқықтық негізі ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз жұмысында қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңыздылығын және оның Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына әсерін қарастырды.

Бұл тақырыпты талқылауға 1 курс магистранттары белсене қатысты. Оларды талдау азаматтық қоғам дамуының салыстырмалы тәжірибесін қарастыруға, сондай-ақ оның Қазақстандағы қазіргі деңгейі мен даму болашағын бағалауға мүмкіндік берді. Қобландина Аружанның баяндамасында Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың құқықтық негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңыздылығы атап өтілді. Талқылау барысында Қазақстандағы азаматтық қоғамның деңгейі мен болашағына әсер ететін бірнеше негізгі аспектілер анықталды.

Сабақтар заң ғылымдарының докторы, профессор А.С.Ибраеваның жетекшілігімен өткізілді.