«Қылмыстық құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

9 ақпан, 2024

 

2024 жылы 6 ақпанында  ҒСК «Елтұтқа» қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы БҰҰ ТДМ 16-мақсатына қол жеткізу аясында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай «Қылмыстық құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада «Елтұтқа» клубының мүшелері Жұмаш А., Аликулов Д., Ниязгалиев А. жеке тұлғаға қарсы құқық бұзушылықтарды саралаудың маңызды аспектілерін, сондай-ақ жыныстық қол сұғылмаушылық пен жыныстық еркіндігіне нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекеттерге құқықтық баға беру мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстел тақырыбын талқылау барысында әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған құқық қолдану тәжірибесі саласында терең талдау мен шешімдерді іздеудің маңыздылығы атап өтілді