Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы
05.02.2024ж. күні 302 топ студенттерімен ТДМ Гендерллік теңдік «Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы» тақырыбында өтті.
Бала құқығы дегеніміз – қандай да бір айырмашылыққа: нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, туған жеріне, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүлігіне , меншігіне, ататегіне немесе өзге де жағдайына қарамастан әр баланың (18 жасқа толмаған әрбір адам бала деп танылады) бостандығы мен құқығы. Дұрыс дамуы үшін бала махаббат пен мейірімділік бар ортада, отбасында, жақын және сүйіспеншілікке толы адамдар арасында өсуі керек. Ересектердің міндеті - баланы өз бетінше өмір сүруге дайындау, қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу және баланың қалыпты физикалық және интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.Баланыңөз ата-анасының тәрбиесінде болуға,мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдыққадыр-қасиетінің құрметтелуіне қақысы бар.Бала өз мүддесіне қатысты кез-келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірлерін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң оның пікірімен де санасу керек.
Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің отбасылық артықшылығын заң жолымен бекіткен.Ата-аналар өздеріне қатысты міндеттемелерін еркімен орындамаған жағдайда , олардан алиментті мәжбірлеп өндіріп алуда мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір көрнісі болып табылады.