Халықаралық кітап сыйлау күні
Бір-бірімізге кітап сыйлау арқылы әлем сыйлайық!
Шараның мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, өзара сыйластықты қалыптастыру.
Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтедi. Мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. Бұл халықаралық мерекенің бастамасы АҚШ-тың «балалар кітабы» сайтының негізін қалаушы, үш баланың анасы Эмми Бродмур. Бірде анасынан ұлдары «адамдар бір-біріне кітап беретін күн неге жоқ» деген сұрағы осы мерекенің пайда болуына түрткі болды. Эмми Бродмур өзінің байланыс арналары арқылы таныс блогерлерге, әлеуметтік желі қолданушыларына, әріптестеріне және сайт серіктестерімен хабарласып, 14 ақпан күні кітап сыйлаумен бастады.
Әлемде 30-дан астам елде тойланатын бұл мерекеге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті де өз үлесін қосты. Бұл шараға факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар және докторанттар қатысып, атсалысты.
Кітап сыйлау мерекесі қатысушыларға ұмытылмас әсер мен ерекше қуаныш сезімін сыйлады. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз.
Бұл акция біздің университетімізде дәстүрге айналады деген сенімдеміз!