«Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел

14 ақпан, 2024

 

13 ақпан 2024 жылы ҒСК «Елтұтқа» қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы БҰҰ ТДМ 13-мақсатына қол жеткізу аясында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай «Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада «Елтұтқа» клубының мүшелері Алиби А.,Елгелді А.,Сейткамал Б.,Үмбет Д., белсенді қатысып, экологияға қарсы құқық бұзушылықтарды саралаудың маңызды аспектілерін, сондай-ақ,табиғат пен адам үндестігін, қоршаған ортаны құқықтық қорғаудың қазіргі мәселелері талқыланды.Жиын соңында экологиялық заңнамаларды дамытуға байланысты бірқатар ұсыныстар енгізілді.