Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым
13.02.2024 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы ТДМ-ның 9 мақсаты - Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті “Бизнес және құқық” жоғары мектебінің “Құқықтану” мамандығының 3 курс студенттеріне “Цифрлық экономика жағдайындағы кеден құқығының өзекті мәселелері” тақырыбында ғылыми - семинар өткізді. Бүгінгі күні цифрлы экономиканың қажеттілігі және оған деген сұраныс күннен күнге артуда. Себебі шұғыл өзгеретін нарықта инновация тез бейімделеді және әлемдік интеграцияға оңтайлана кіре алады. Сондықтан қазір ұлттық экономика салаларындағы кәсіпорындар Дүниежүзілік сауда ұйымының қатаң талаптарына сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті заманауи өнімдерді шығаруға талпынып келеді. Елімізде кеден ісі саласында кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және электрондық декларацияға көшу сияқты жұмыстар атқарылып келеді. Электрондық декларациялау бөлігінде АСТАНА 1 - Ақпараттық жүйе мен экспорттық - импорттық операциялар бойынша “Е - терезе” тетігі іске қосылды. Ғылыми - семинарға студенттер белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.