2024 жылдың 16 ақпанында 317 аудиторияда сағат 11.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру «Денсаулық-негізгі байлық» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері з.ғ.к., доцент Омарова А.Б.
«Денсаулық-зор байлық »деген мақал тегін айтылмаған. Адамның басты
байлығы-денсаулық.Денсаулық-адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз
денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен
қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни, адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты.
Сондықтан да елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
Семинар қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, өз пікірлерін білдіруге және мүгедектердің құқығын қорғауға, талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара сонымен қатар студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға, қолайлы оқу және зерттеу ортасын құруға ықпал етті.