15 ақпан 2024 жылы 317 аудиторияда Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты з.ғ.м., Долда Жақсылық Жұмаханұлының қатысуымен Көшбасшылық дәріс өтті.

16 ақпан, 2024

15 ақпан 2024 жылы 317 аудиторияда Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты з.ғ.м., Долда Жақсылық Жұмаханұлының қатысуымен Көшбасшылық дәріс өтті.  

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына орай, 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары PhD докторы Н.Д.Мырзатаевтың ұйымдастыруымен «Азаматтық процеске қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету мәселелері» атты тақырыпта 3-курс 306 топ студенттеріне көшбасшылық дәріс ұйымдастырды.

Қорғаушы Жақсылық Жұмаханұлы азаматтық іс жүргізу барысында сотқа дейінгі іс жүргізу басты сот талқылауы, сот жарыссөздерінде адвокаттың атқаратын қызметі мен өкілеттіктері туралы кеңінен тоқталып өтті. Азаматтық істер бойынша апеляциялық және заңды күшіне енген сот шешімдеріне қарсы шағым білдіру тәртібе мен ерекші іс жүргізу тәртібі мен оның ерекшеліктері туралы білімалушы студенттермен өз тәжірибесін бөлісті.

Сотта өз істерін нәтижелі жүргізу үшін азаматтар азаматтық заңдарды, сот ісін жүргізу ережелерін жақсы білуі қажет. Азаматтардың бәрі бірдей мұндай білімге ие емес екендігі белгілі. Сондықтан да, заң көмегіне жүгінуге тура келеді. Іске қатысушы тұлғаның заңи кеңес беру, ол үшін қажетті процессуалды құжаттарды толтыру, сот алдындағы жарыссөзде оның құқықтары мен мүдделерін қорғап сөйлеу қызметі құқық қорғаушылық деп аталады.

Долда Жақсылық Жұмаханұлы азаматтық процеске қорғаушылың қатысуы бойынша өз тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз.