БҰҰ ТДМ 4-мақсат: Сапалы білім беру
16 ақпан, 2024
16.02.2024. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің студенттері үшін "Халықаралық контексте салық төлеуден жалтаруға қарсы күрес: әдістер, сын-тегеуріндер мен перспективалар" тақырыбында «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасы ұйымдастырған көшбасшылық дәріс өтті. Спикер Гданьск университетінің (Польша) профессоры Эдвард Юхневич болды.
Дәріскер тақырыптың негізгі аспектілеріне тоқталды: 1) салықтан жалтаруды анықтау; 2) халықаралық салықтық жоспарлау мен салықтан жалтаруға жалпы шолу.
Дәріс аудиторияның қызығушылығын тудырды, осыған байланысты одан әрі қонақтарға арналған дәрістер жоспарланған болатын.
Құрметті спикерге қызықты қонақ дәрісі үшін, ал қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз!
Көшбасшылық дәрісті ұйымдастыруға және өткізуге: «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. д., проф. Қуаналиева Г.А., доценттер Ашыралиева Б. С., Жугралина Б. М., Қуандықов К.Ж. қатысты.
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
22 қараша, 2024