Гданьск университетінің профессоры Эдвард Юхневичтің лидерлік дәрісі (Польша)
16.02.2024 ж.
Гданьск университетінің (Польша) профессоры Эдвард Юхневичтің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырған "Халықаралық контексте салық төлеуден жалтаруға қарсы күрес: әдістер, сын – қатерлер мен перспективалар" тақырыбындағы көшбасшылық (қонақ) дәрісі аясында профессор Эдвард Юхневичтің Заң факультетінің басшылығымен – декан, з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдиновпен кездесуі өтті. Бұл кездесуге кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г. А. Қуаналиева, НИДиМС бойынша декан орынбасары, PhD докторы С.Е. Асанова қатысты.
Кездесу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Гданьск университеті арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Университеттрдің ПОҚ және білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, ғылыми зерттеулер мен оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу т.б. мәселелер талқыланды.
Профессор Эдвард Юхневич заң факультетінің ғимаратына және университеттің басқа да бөлімшелеріне экскурсия жасады. Профессор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -нің ЦСУ (университеттің ғылыми-ақпараттық бөлімшесі) қызметімен танысты, мұражайды аралады.
Қонақты мұражай экспозициялары қатты қызықтырды, онда ұсынылған қондырғылар мен макеттер керемет әсер қалдырды.
Э.Юхневич мырзаға профессор-оқытушылар құрамымен, заң факультетінің студенттерімен және басшылығымен тамаша дәріс және кездесу үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, одан әрі жемісті және перспективалы ынтымақтастыққа, академиялық және ғылыми мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Гданьск университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үміттенеміз!