Университеттің техникалық қызметкерлеріне тегін құқықтық кеңес көрсетілді
8 қаңтар, 2024
08.01.2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Студенттік заң клиникасы жұмысы аясында Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Қ.М.Қожабек құқықтық кеңес беру іс-шарасын өткізді. Құқықтық кеңес беру БҰҰ-ның ТДМ-ның 16 бағыты бойынша өтті. Университеттің техникалық қызметкерлеріне тегін құқықтық кеңес көрсетілді. Кездесу барысында оларға жер, тұрғын үй, экологиялық, отбасылық құқық салалары бойынша кеңестер берілді.