«Dura lex, sed lex» қысқаметражды фильмдердің 1-ші студенттік кинофестивалі

23 ақпан, 2024

 6 желтоқсан 2022 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының іс-шаралары аясында қылмыстық іс жүргізу құқығы саласында мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында "Dura Lex, sed lex"қысқа метражды фильмдердің I студенттік кинофестивалі өтті. "Алтын бүркіт" киносыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі Заң факультетінің 4 залында өтті. Байқауға 12 қысқаметражды фильм ұсынылды. Бейнероликтер күдіктіні ұстау ісінің айқындылығы, тергеу әрекеті, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкестігі, бейнетүсірілім мен монтаждау сапасы, сондай-ақ тапсырманы орындауға шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағаланды. 
Конкурстың қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалауды жүзеге асырып, конкурстың қорытындысын шығарды. Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: 
"Сотқа дейінгі өндірісті үздік іске асыру" - 301 топ;
"Үздік режиссура" - Нұрадинбеков Бейбарс, 302 топ студенті;
"Үздік әйел рөлі" – Мади Аида, 305 тобының студенті;
"Үздік ер адам рөлі" - Баймұрат Бейбарсұлтан, 304 топ студенті;
"Үздік сценарий" - 308 топ ПД;
"Үздік операторлық жұмыс" - 212 топ;
"Үздік монтаж" - 303 топ;
"Үздік қоюшы-суретші" - 304 топ.
Көрермендер көзайымы сыйлығы қазылар алқасының бағаларына қарамастан Instagram-да дауыс беру нәтижелері бойынша берілді. Бұл номинацияда бір сағат ішінде 7000 қаралым жинаған 305 топ жеңіске жетті.
I орын:" Алтын Бүркіт – 2022 " 302 топқа бұйырды.
II орын: Гран-при-304 топ.
III орын: қазылар алқасының жүлдесі-305 топ.
Осы жылдың ақпан айында (нақты күні жарияланады) қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы "dura LEX, sed Lex"студенттік қысқаметражды фильмдер кинофестивалін өткізуді жоспарлап отыр.
Кинофестиваль бағдарламасында:
1.    Кинофестивальге ұсынылған фильмдерді көру;
2.    Концерттік нөмірлер;
3.    Фотоаймақ-2024;
4.    Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.