2024 жылдың ақпан айының 22-і күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, заң факультетінде мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Н.Қ.Мынбатырова және аға оқытушы з.ғ.к. А.Ж.Жарболованың ұйымдастыруымен БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары – №7 «Қымбат емес және таза энергия» бағдарламасы аясында «Таза энергия көздерін пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубының мүшелері және 305 топ студенттері қатысты. 305 топ студенттері Дәулетқұл Әбіш және Түрікбен Қуаныш өз баяндамаларында энергияны үнемдеу жолдары, таза энергия көздерін пайдаланудың экологияны жақсартуға әсері, қазіргі таңдағы әлемдік энергетика саласын дамыту жолдары, арзан және жасыл энергияны күнделікті өмірде қолдану жолдары туралы айтты. Бас қосу барысында қазіргі таңдағы жасыл энергия көздері, оларды ұтымды пайдалану жолдары талқыланды. Спикерлер әлемдегі арзан энергияны пайдалану жөнінен алдыңғы орындағы мемлекеттер тәжірибесі жөнінде студенттерге жаңа ақпарат беріп, бұл жолдарды елімізде қолдану туралы шағын пікірталас ұйымдастырды.