ТДМ - 16 «Өз құқығыңды білесің бе»
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы мен механика - математика факультетімен бірлесе отырып 2024 жылғы 19 ақпан күні «Өз құқығыңды білесің бе» тақырыбында іс шара ұйымдастырды. Іс шараға кафедра меңгерушісі Г. А. Куаналиева, кафедра оқытушылары Е.Ш. Рахметов, Қ.Ж. Қуандықов, С.М. Жапаков, А.А. Есекеева және механика-математика факультетінің оқытушылары мен білім алушылары қатысты. ТДМ - ның 16 мақсаты бойынша әділеттілік, адамның құқығы, бостандықтары, жеке құқықтары туралы мәселелер көтеріліп, көптеген сұрақтар талқыланды. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті сұрақтарға жауаптар берілді. Талқыланған мәселе өте өзекті, маңызды болып табылады.