2024 жылғы 26 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы БҰҰ-ның ТДМ №4 «Сапалы білім беру», барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асыру шеңберінде, «Қазіргі әлемдегі адам құқықтары» тақырыбында Фараби қысқы ғылыми мектебінің ашылуы өткізді.
Фараби қысқы ғылыми мектебінің оқу ұзақтығы 2024 жылдың 26 ақпанынан 07 наурызына дейінгі уақытты камтиды.
Фараби қысқы ғылыми мектебінің мақсаты - тыңдаушыларды құқық негіздеріне оқыту, олардың құқықтық білімді практикада пайдалану дағдыларын алу.
Фараби қысқы ғылыми мектебін оқу барысында мемлекет және құқық теориясының, халықаралық құқықтың, дербес деректерді қорғаудың, көші-қон құқығының, қоғамға цифрлық құқықты енгізудің, жасанды интеллектті қолдану негіздерінің, азаматтық құқықтың кейбір мәселелерін кең көлемде қарастыру жоспарланып отыр.
Фараби қысқы ғылыми мектебінің бірінші күнінде Заң ғылымдарының докторы, профессор А.С. Ибраева «Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен адам құқықтары» тақырыбында дәріс оқыды. Адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етуге қатысты құқықтық жүйедегі өзгеріс мәселелері қарастырылды. Заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева Алуа Саламатқызы Қазақстанда тұратын әрбір адам құқық нормаларын білуі, құрметтеуі және сақтауы қажет, адам құқықтарын құрметтеуі, өзінің конституциялық міндеттерін толық көлемде орындауы тиіс екенін атап өтті.
Фараби қысқы ғылыми мектебі шетелдік жоғары оқу орындарының құқықтану мамандықтарының студенттері үшін ұйымдастырылған. Бірінші күні шетелдік жоғары оқу орындарының 55 студенті қатысты. Фараби қысқы ғылыми мектебін аяқтағаннан кейін барлық қатысушыларға 72 сағат көлемінде сертификат беріледі.