«Science. Research. Publication» Қысқы мектеп
ТДМ 4 «Сапалы білім» (4.3.3 «Кәсіптік оқыту қызметі (өмір бойы оқу)») мақсатына қол жеткізу аясында 2024 жылдың 22-26 қаңтарында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына арналған «Science. Research. Publication» II Халықаралық қысқы мектебін өткізді.
Қысқы мектеп Қазақстан, АҚШ, Румыния, Ресей, Сербия және Израиль ғалымдарының қатысуымен аралас форматта өтті. Қысқы мектептің тыңдаушылары алыс-жақын шетелдерден келген студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғалымдар болды.
Қысқы мектеп бағдарламасына «Ғылыми зерттеудің негізгі принциптері, критерийлері мен әдістері», «Ғылыми эксперименттерді тиімді жоспарлау», «Идеядан жарияланған ғылыми оқиғаға дейін: қызықты саяхат», «Ғылыми монография жазу бойынша ұсыныстар», «Ғылыми ортадағы спам», «Жасанды интеллект ғылыми мақалалар жазу құралы ретінде» т.б. сияқты өзекті тақырыптар қамтылды. Тыңдаушыларға ғылыми зерттеулерді жоспарлау, мақалаларды жариялау үшін журнал таңдау, ғылыми жұмыстарды жазу бойынша практикалық кеңестер берілді.
Кафедра Қысқы мектеп жұмысына белсенді қатысқан ғалымдар мен тыңдаушыларға алғысын білдіреді.