«Экономикалық прогресс және қоғамдағы жұмыс жағдайлары»
2024 жылғы 20 ақпанда, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ТДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тұрақты даму жобасын іске асыру барысында, «Экономикалық прогресс және қоғамдағы жұмыс жағдайлары» тақырыбында «7М02312-Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс магистранттарының қатысуымен ашық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында шетел филологиясының студенттері Қажияхметова Айғаным Маратқызы мен Ахмет Ұлданай Оңласынқызы экономикалық өсу және лайықты жұмысты қамтамасыз ету қажеттілігі туралы баяндамалар мен презентациялар дайындады. Ел ретінде экономикалық даму - инновацияларды, білім беруді, кәсіпкерлікті дамытуды, жұмыссыздықты азайтуды, шағын және орта кәсіпорындарды қолдауды, сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуал құруды талап ететінін атап өтті.
Ұйымдастырушылар: Онгарбаева М.С., Таева Р.М.