Студенттердің құқықтық сауаттылық
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «СТУДЕНТТЕР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ» ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ КЛУБЫ
ТМД 4 бойынша “САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ”
Тақырыбы: “Студенттердің құқықтық сауаттылық.”
Мақсаты: Жастардың студенттік өмірге белсенді қатыса отырып, құқықтық сауаттылықты басшылыққа алу.
204 топ студенттері мен аға оқытушы Оңдашұлы Ернұрмен бірге сноуборд айдап, тауға барып көптеген физикалық спортта белсенді болдық. Құқықтық сауаттылық қазір әрбір азаматқа керек. Ол заман талабы. Адам өз құқығын және оның шегін жақсы білуі қажет. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны жөн. Елімізде азаматтық қоғам құруда біршама элементтердің топтасуы қажет екені, құқықтық білім беру азаматтық қоғам құрудың негізі екені белгілі болды. Конституциямыздың 1-бабымен Қазақстан «құқықтық мемлекет» деп танылған. Құқықтық мемлекеттің әрбір азаматы құқықтық саналы, құқықтық мәдениетті болуы қажет. Мемлекетіміздің осы мақсатпен қабылдаған «2010–2020 жылға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» да осыны көздеді.