25 ақпан 2024 жылы ТДМ-4 және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90-жылдығына орай заң факультетінің, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының эдвайзері, доценті М.К.Бисенова және 201-топ студенттерімен Мұхтар Әуезов атындағы драма театрына “Сыған серенадасы” атты кезекті қойылымын тамашалады.
Студенттерге танымдық тұрғыдан “Сыған серенадасы” - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Әйгілі Шәмші рухына бағытталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Қойылымда қазақ әнінің атасы Шәмші Қалдаяқов консерваториядан қуылып, қиын күндерді бастан кешіре жүріп сығандар тобырына барып қосылғандығы көрсетіледі. Баронның Изольда атты сыған қызына деген ғашықтық «Сыған серенадасы» әнін өмірге әкеледі. Ән махаббат Шәмшінің тағдырына орай Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты поэтикалық драмасын сахнада осы тұрғыда сыр шертеді.
Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында көрсетілген бұл қойылым студенттерге қатты әсер етіп, ерекше сезімге бөледі. Әуенге толы драма шынайы әсерге де толы болды.