- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, з.ғ.к. Д.А. Ибраимовтың көшбасшылық дәрісі
Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, з.ғ.к. Д.А. Ибраимовтың көшбасшылық дәрісі
29 ақпан 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы БҰҰ-ның "баршаға сапалы білім беру", "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" тұрақты даму мақсаттарын орындау мақсатында Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты з.ғ. к. Д. А. Ибраимовтың "бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау кезеңдеріндегі қорғау тарапының мәселелері" тақырыбында көшбасшылық дәрісін өткізді.
Дәрісте білім алушылар кәсіби қызығушылық пен белсенділік танытып, сұрақ-жауап форматында спикермен адвокаттың құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелерін, қылмыстық істер бойынша қорғаушыға білікті заң көмегін көрсетуді, сотта тараптардың бәсекелестік және тең құқықтылық қағидатын іске асыруды талқылады.