Көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту күні!

1 наурыз, 2024

Қазақстан халқы 1 наурызда Алғыс айту күнін атап өтеді. Мерекеге қарайластырылған шараны «Экономика» кафедрасының Эк-23 1 курс К1 және К2 топ студенттері мен топ эдвайзері Г.К. Андабаева «Көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту күні!» атты іс-шара өткізді. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алған болатын, қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні. Бұл мереке қоғамдағы барлық адамдардың, этностардың арасындағы достастық, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі ретінде қабылданады, бұл тұрақты даму мақсаттарының  ТДМ 15: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар мақсатын қамтамасыз етеді.