Тұрақты даму бастамасы аясында 2024 жылдың 6 наурызында ҚазҰУ заң факультеті Кеден ісі, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Битабарова Ж.А. ZOOM платформасы арқылы БМУ және ҚазҰУ магистранттарымен «Климатты қорғау» тақырыбында ғылыми вебинар өткізді. Бұл шара БҰҰ-ның 13-ші тұрақты даму мақсатына арналған. Бұл тақырып қазір жаһандық экологиялық күн тәртібінде. Вебинар барысында қатысушылар Қазақстанның Киото хаттамасы мен БҰҰ-ның климатты қорғау жөніндегі негіздемелік конвенциясының Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындау бойынша қандай шаралар қабылдап жатқанын талқылады.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024