- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы студенттерінің қала прокуратурасының өкілдерімен кездесуі өтті.
Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы студенттерінің қала прокуратурасының өкілдерімен кездесуі өтті.
07 наурызд 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" БҰҰ ТДМ іске асыру мақсатында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы студенттерінің қала прокуратурасының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Алмалы ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінің бастығы Мамытов Жәнібек Булытбайұлы, сондай — ақ Әуезов ауданы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Сейтов Наржан Нұрдиллаұлы қатысты.
Кездесу тақырыбы Біздің заманымыздың өзекті мәселесі - есірткі және олардың жастарға әсері туралы болды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, спикерлерге есірткіге қарсы күрес әдістері және осы мәселенің құқықтық аспектілері туралы сұрақтар қойды. Прокуратура өкілдері өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті, сондай-ақ студенттерге есірткіні қолданудың салдары және олардың жолын кесу үшін қолданылатын заңды шаралар туралы ақпарат берді.
Студенттер осындай маңызды кездесуді өткізгені үшін алғыстарын білдіріп, алған білімдері олардың болашақ кәсіби қызметі үшін пайдалы болатынын атап өтті. Олар сондай-ақ есірткіге қарсы іс-қимылға белсенді қатысуға және қауіпсіз қоғам құруға ықпал етуге ниетті екендіктерін білдірді.