Қиыр Шығыс кафедрасында жергілікті білімгерлер мен Токио университетінің студенттері арасында халықаралық форум өткізілді

9 наурыз, 2024

    06.03.2024 Қиыр Шығыс кафедрасында жергілікті студенттер мен Токио университетінен келген білімгерлер арасында «Қазақстан және Жапония» атты халықаралық форум өткізілді.

     Форумның мақсаты: жергілікті және шетелдік студенттердің екі халықтың тілдері мен мәдениеттері жөніндегі білімдерін тереңдету және қос ел білім алушыларының арасындағы достастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту. 

    Алдымен іс-шара қатысушылары форумның секциялары мен бағдарламасымен таныстырылды. Форум барысында қатысушылар секцияларға бөлініп,  Қазақстан және Жапонияның дәстүрлі мәдениеті, ділі, тілі, дүниетанымына қатысты арнайы дайындалған тақырыптар бойынша орыс және жапон тілдерінде талқылаулар жүргізді. Талқылаулардан соң модератор әрбір секцияда жүргізілген дискуссия нәтижелерін жіктеп, форум қорытындыларын тұжырымдады.   Кездесуге  қатысқан білімгерлер түрлі тақырыптарда пікір алмастырғанның нәтижесінде екі елдің мәдени және рухани болмысы жөнінде білімдерін арттыруға, сонымен қатар, тілдік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

 

Қиыр Шығыс кафедрасы

жапонтану бөлімінің меңгерушісі

Тазабекова Г.Б.