Археологиядағы географиялық ақпараттық жүйелерге (ГАЖ) кіріспе

13 наурыз, 2024

ТДМ. 8 "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу"

2024 жылдың 12-14 наурызы, Өзбекстан республикасы, Самарқанд қаласында Лондон университеті жетекшілік ететін Орталық Азия археологиялық ландшафты (CAAL) жобасы аясында, ЮНЕСКО-ның Орталық Азияны зерттеу халықаралық орталығы (ICCAS) жас ғалымдарға арналған «Археологиядағы географиялық ақпараттық жүйелерге (ГАЖ) кіріспе» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтуде.

Ұйымдастырылған ғылыми семинарға факультетіміздің  археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушысы Рысбек Бақкелді мен археология мамандығының 1 курс доктаранты Ерғабылов Акбар қатысты.