- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры, Е.И. Қайыржановты еске алуға байланысты " Қазіргі заманның қылмыстық қатерлері және жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздік стратегиялары "(14-і жыл сайынғы Қайыржанов оқулары) халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Қазақстан Криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры, Е.И. Қайыржановты еске алуға байланысты " Қазіргі заманның қылмыстық қатерлері және жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздік стратегиялары "(14-і жыл сайынғы Қайыржанов оқулары) халықаралық ғылыми-практикалық конференция
12.03.2024 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Криминологиялық Ассоциациясы, заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы бірігіп әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойына арналған заң ғылымдарының докторы, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби сыйлығының лауреаты, ҚР Ғылым және Техникаға еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры, Е.И. Қайыржановты еске алуға байланысты " Қазіргі заманның қылмыстық қатерлері және жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздік стратегиялары "(14-і жыл сайынғы Қайыржанов оқулары) халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конферецияға шет ел мемлекеттерінің, еліміздің ЖОО орындарының заңгер-ғалымдары және Ғылыми мектебі қатысып баяндамалар жасады. Сергевнин В.А.- Батыс Иллинойс университетінің (АҚШ) құқық қорғау және сот төрелігін басқару мектебінің профессоры, Абдухамитов В. – Ресей-Тәжік Славян университетінің (Тәжік республикасы) қылмыстық құқық кафедрасының профессоры – «Тәжікстан экстремизміне қарсы іс-қимыл: теория және заңнама мәселелері»; Моисеева И.А. Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты "Қорғау ордері және оның отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының виктимологиялық қауіпсіздігіндегі рөлі" атты тақырыптар бойынша баяндама жасады, сондай-ақ, Қазақстанның түпкір-түпкірінен Қазақстаннның заңгер ғалымдары да өз ойларын бөлісті.
Джансараева Р.Е. – з.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі – «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс- қимыл саласындағы қылмыстық саясат»;
Төлеген Мұхтар Әділбекұлы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор, философия докторы(PhD), Қазақстан Республкасы педагогика ғылымдаы академиясының академигі – «Қазақстандағы қылмыс- тылық: себептері, өсу деңгейі, алдын-алу»; Қаиыржанова Солидат Елегенқызы - з. ғ. д. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, тарих және құқық кафедрасының профессоры, Орал қаласы. «Әке туралы естелік». Бимолданов Е.М. – Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент); Тасқын Е. – Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы факультетінің бастығы, философия докторы (PhD) «Кәмелетке толмағандар арасында кибербуллингке қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесі». Алмасов Д.А. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универси- теті –«Криминологиялық қауіпсіздік және терроризмге қарсы іс- қимыл».
Қазақстанның ғұлама ғалымдары: заң ғылымдарының докторы, профессорлары: Алауханов Е.О., Бакишев Қ.Ә., Рустемова Г.Р., Төлеубекова Б.Х., Мазов Е.Ә., қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жылда университтің ұйымдастырған қоғамдық іс-шараларына белсенділік танытып, оқуын үздік оқып жүрген студентерге атаулы стипендия ұсынылды.
Конференцияның мақсаты - "қылмысқа қарсы қауіпсіздік" феноменін талқылау, ғылыми негізделген тәсілдерді әзірлеу және қазіргі жағдайда жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздігі мәселелері бойынша ғылыми ережелерді іске асыру перспективаларын айқындау.