2024 жылғы 14 наурызда 329-аудиторияда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қалымбек Бақытжан «Құрлық экожүйелерін қалпына келтіру» атты 15-ші ТДМ «Құрлық экожүйелерін қорғау» жүзеге асыру аясында 303 және 305-топ студенттерімен ғылыми вебинар өткізді.Вебинарға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Ашыралиева Б.С. және Жугралина Б.М. шақырылды. Вебинар мақсаты – құрлық экожүйелерін қалпына келтіру мен оны шөлейттенуден қорғау жолдарын қарастырып, баға беру. Қазақстан Республикасының құрлық экожүйелерінің қазіргі таңдағы жағдайы туралы ақпарат берілді. Студенттер экология және география ғылымдары бойынша өз білім деңгейлерін анықтау үшін викторина сұрақтарына жауап берді. Викторина барысында Қазақстан Республикасының экологиялық, жер заңнамаларынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар құрлық экожүйесін сақтаудың міндеттерін талқылады.