ТДМ-17:“Жарқын жұлдыз 2024”

15 наурыз, 2024

15 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті “Көмек” қоғамдық қорының ауқымды жобаларының бірі “Жарқын жұлдыз 2024” жас өнерпаздар байқауы өтті.
Жоба мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғаммен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету және балалардың бойындағы  таланттарын анықтап, оларға қолдау көрсету. 

Жоба қатысушылары:
1) №4 Н.Островский атындағы зағип және көздері нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты
2) Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №6 арнайы
мектеп-интернаты
3)Мамандандырылған «Жанұя» кешені
4) «Салиқалы Ұрпақ» ҚҚ- ның «Береке» пансионаты
5) Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты

Жүлде қоры:
Бас жүлде - 300мың теңге
1 орын - 150 мың теңге
2 орын - 100 мың теңге
3 орын - 70 мың теңге
4 орын - 50 мың теңге

Бұдан бөлек:
Үздік вокал
Үздік сюжет
Үздік хореография
Үздік актерлік шеберлік номинациялары бойынша бақ сынасады.

Осы жылғы жаңалықтардың бірі – жобамызда жеңген мектеп-интернат немесе балалар үйіне баратын факультеттер (яғни, дайындаған факультеттер) 40 000 тг көлемінде ақшалай сыйақы алады.