Алматыда Қазақстан бойынша жапон тіліндегі шешендік өнер сайысы өтті
2024 жылдың 16-наурызында Алматыда Қазақстан бойынша жапон тіліндегі шешендік өнер сайысы өтті. Берілген сайыс Қазақстандағы жапон тілі оқытушыларының қауымдастығы, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және Narxoz университетінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қазақстан Республикасындағы жапон кәсіпкерлері қауымдастығы, Қазақстан-Жапон Жібек Жолы қауымдастығы, Иватани Гакуэн, "New & Rare resources" LLP ЖШС байқаудың демеушілері болды. Сонымен қатар, бұл шараға Қазақстандағы жапондықтар қауымдастығы, Цукуба университеті мен Жапон қоры үлкен қолдау көрсетті.
Республикалық шешендік өнер сайысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығынан барлығы 16 студент қатысты.
Байқау жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Шара соңында көрермендер жоғарыда аталған жоғары оқу орындарының студенттерінің орындауында жапон тілінде ән айту, қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарында ойнау, ұлттық би сияқты номерлерді қамтыған шағын концерттік бағдарламаны тамашалауға мүмкіндік алды.
Сайыс нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті, Капенова Дария үздік үштікке еніп, үшінші орынды жеңіп алса, 2-курс студенті, Рахымжан Малика бесінші орынды иеленді. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының 1-курс студенті, Айдаралиева Алика тамаша өнер көрсетіп, байқауда алтыншы орынға ие болды. Енді жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар 2024 жылдың мамыр айында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін жапон тіліндегі Орта Азиялық шешендік өнер сайысына қатысады. Қатысушыларымызға жеңіс тілейміз!
Қиыр Шығыс кафедрасы
Жапонтану бөлімінің
меңгерушісі Тазабекова Г.Б.