Наурызнаманы тойлау-Щаңырақ күні
18 наурыз, 2024
17 наурыз Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс шаралардың бірі ретінде, заң факультетінің қылмыстық құқық. қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының эдвайзері М.Қ.Бисенова 201 топ студенттерімен Орталық мұражайға барды. Шаңырақ күні студенттерге жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейтіні атап өтілді. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы түсіндірілді.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024