Цифрландыру тұрақты даму факторы ретінде
2024 жылдың наурыз айының 11 күні кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Аманжолов Ж.М. ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттерімен «Цифрландыру тұрақты даму факторы ретінде» атты тақырыптағы вебинар өткізді. Аталмыш вебинар «Берік инфрақұрылым құру, индустрияландыруды қамтамасыз етуге және нновацияларды енгізуге жәрдемдесу» 9 ТДМ аясында ұйымдастырылды.
Цифрландыру еліміздегі орнықты дамудың ажырамас факторы болып табылады. Компаниялар, ұйымдар және мемлекеттік мекемелердің бірқатары өз жұмыстарын оңтайландыруға және цифрлық технологияларды қызмет барысына енгізуге ұмтылуда. Бұл жұмыс тиімділігін арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Цифрландырудың басты мақсаттарының бірі азаматтар мен бизнес үшін жария қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Цифрлық технологияларды енгізудің арқасында азаматтар қажетті ақпаратты алып, артық кезек пен қағазбастылықтан құтылып, құжаттарды онлайн рәсімдей алады. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеуге жәрдемдеседі. Бұдан бөлек студенттер еліміз үшін цифрландырудың маңызын талдай келе, университетіміздегі «бір терезе» қағидаты бойынша 500-ден астам әлеуметтік маңызы бар қызмет ұсынатын «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысын талдап, студенттер мен ұстаздар үшін жасалған қолайлы жағдайлардың барына тоқталды.