ТДМ-3 Біз түберкүлезді жеңеміз!
Дүниежүзілік түберкүлезге қарсы күрес күні аясында Фараби университетінің студенттеріне «Біз түберкүлезді жеңеміз!» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті Қазақстан Республикасы фтизиопульмонология ғылыми орталығының дәрігері Сағит Жұбатханұлы өзі жүргізді. Дәріс кезінде түберкүлез сырқатының қазіргі таңда оңай емделетіндігіне баса назар аударылды. Одан бөлек, аталмыш сырқатқа шалдыққан адам дер кезінде тексерістен өтіп, білікті маманның көмегіне жүгінсе, оны асқындырудың алдын алу оңайырақ болатындығы айтылды. Келген студенттер, осы мәселе бойынша өз сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауап алды.
Студенттеріміздің денсаулық мәселесінде сауатты болуына үлес қосқаны үшін ҚР фтизиопульмонология ғылыми орталығына және лектор Сағит Жұбатханұлына алғысымызды білдіреміз!