Бүгін қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының 109 тобының студенттері топтың эдвайзері Тағайбек Қымбатпен бірлесіп Наурыз мерекесі қарсаңында "Сырға салу"рәсімін өткізді.
Сырға салу-ежелден келе жатқан қазақ дәстүрі.Күйеу жігіттің туыстары болашақ қалыңдықтың үйіне келгенде, оның қолын сұрап және болашақ қалыңдықтың ата-анасының рұқсатымен оған сырға тағады , бұл күйеу жігіттің жақсы ниетінің символы болып саналады.
Бұл іс-шараның мақсаты-біздің дәстүрлерімізді құрметтеу және өскелең ұрпаққа біздің халықтық құндылықтарымызды көрнекі түрде көрсету.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024