ҚазҰУ спортшылары жеңіс тұғырында

20 наурыз, 2024

Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған спорттық додаларда ҚазҰУ-дың жас спортшылары жеңіс тұғырынан көрінуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика- техникалық факультетінің 4-курс студенті Байзақ Мейрамбек Тараз қаласында өткен армрестлингтен (қол күресі) жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында  қола жүлдеге ие болды.

***

ҚазҰУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс студенті Әкежан Айтбеков еркін күрестен Қазақстан чемпионатында 1-орын алды. Ол 96 келі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңімпаз болды.

***

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс студенті Мәдина Жеңісқызы Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен жарыстың жеңімпазы атанды.

Мәдина Жеңісқызы қыздар арасындағы күрестен еңбек және спорт ардагері Корчубек Изабековті еске алу халықаралық турнирінде  55 келі салмақта 1-орын алды.

Сонымен қатар, Мадина Жеңісқызы 16-18 наурыз аралығында Алматыда өткен қыздар арасындағы күрестен Қазақстан чемпионатында 2 орын иеленді.

ҚазҰУ-дың жас спортшыларын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі