ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ (ТДМ) КОНТЕКСТІНДЕ "АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ" ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТЫ ӨТКІЗУДІҢ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ИМИТАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

18 қазан, 2024

2024 жылғы 18 Қазанда "6В03208 – Цифрлық мұрағаттану және құжаттану" мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің оқу тобында "Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау" пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. ТДМ контекстінде бұл сабақ білім сапасын арттыруға (№4 мақсат) бағытталған.

Пәнаралық пәннің ерекшелігі студенттердің бірлескен іс-әрекеті түрінде пәнді оқытуға мүмкіндік берді, онда барлық қатысушылар бір-бірімен өзара әрекеттеседі, өзекті ақпаратпен алмасады, мәселелерді бірлесіп шешеді және нақты жағдайларды модельдейді.

Желілік және Киберқауіпсіздік бойынша жаңа материалды зерделеу және бекіту үшін "Оқытушы рөлінде білім алушы" интерактивті имитациялық әдісі және эдьютейнмент-бағдарлама пайдаланылды. Бұл тәсіл студенттің өз қабілеттеріне деген сенімін арттыруға, сабақты жоспарлау мен материалды таңдаудың бастапқы тәжірибесін алуға, озық ақпараттық платформалар негізінде өзінің эксклюзивті оқу медиа өнімдерін жасауға мүмкіндік береді.

Сабақтың таратылған тақырыбы бойынша студенттердің жұптық жұмысының сапасын бағалау және рецензиялау Miro визуалды платформасы мен Kahoot білім беру жобаларына арналған қосымшаның көмегімен жүзеге асырылды.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы - Жәкішева С.Ә.