Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы шұғыл шаралар қабылдау
25.03.2024 ж. №13 ТДМ «Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы шұғыл шаралар қабылдау» аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің «Кеден,қаржы және экологиялық құқық кафедрасының» аға оқытушысы Телеуев Г.Б. «Қазақстан Республикасында экологиялық туризмнің құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Экологиялық туризм – туристік индустрияның ең жылдам дамып келе жатқан секторы, оның үлесіне әлемдік туризмнің 25%-ы тиесілі. Дүниежүзілік туристік ұйымға сәйкес экотуристер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді. Таза және бүлінбеген табиғи объектілері көп Қазақстан экотуризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Этномәдени туризммен үйлескен қызықты табиғи ландшафттар, бірегей экологиялық соқпақтар тіпті ең талғампаз туристерді де бей-жай қалдырмайды. Экотуризмнің басты ерекшелігі табиғи аумақтарға барған кезде биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау болып табылады. Экотуризм сонымен қатар табиғатты қорғау жергілікті қауымдастықтар үшін пайдалы болатын экономикалық жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.Сол себептен де, эко туризмнің құқықтық негіздерін анықтау аса маңызды. Студенттер тарапынан тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып Қазақстан Республикасында эко туризм қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.