ТДМ № 7- Арзан және таза энергия
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Г.Т. Айгаринова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2024 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Мемлекеттің «жасыл инвестицияларды тартуды және қолжетімді үздік техниканы кеңінен қолдануды ынталандыруы мен қолдауы бөлігінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексін іске асыру туралы» тақырыбында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен жоспарланған кездесуге қатысты.
Іс-шарада экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау, қалдықтарды меңгеру жүйесін құру, жаңарылатын және баламалы энергия көздерін пайдалану, экожүйелерді үнемді және тиімді пайдалануды талқылау мен өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну, сондай-ақ Экологиялық кодекстің іске асырылуын талқылады.