Климаттың өзгеру проблемасы

31 наурыз, 2024

Климаттың өзгеру проблемасы және оның адам денсаулығына әсері қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторының климаттық дағдарысқа қосқан үлесі, оның климаттың өзгеруіне осалдығы және денсаулық сақтау ұйымдарының жиі және қатал ауа-райының оқиғаларына төзімділігін арттыру жолдары әлі жеткілікті түрде қарастырылмаған және зерттелген жоқ. Осыған орай 2024 жылдың 19 наурызында Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, м.ғ.к., қаумдыстырылған профессор Усатаева Г.М. Климат және денсаулық туралы білім жөніндегі жаһандық консорциум ұйымдастырған «Тұрақты денсаулық» семинарына қатысты. Семинарға әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам қатысушы қатысты.