Дөңгелек үстел «Кедейлікті жою»

18 наурыз, 2024

2024 жылдың 18 наурызында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Қайырбек М.Н. «Психология» мамандығында оқитын 1 курс студенттерімен бірге ТДМ-1 «Кедейлікті жою» аясында іс-шара өткізді. Іс-шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.

Кедейлік – дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік оқшаулау және кемсітушілік, білімге алуға және басқа да негізгі әлеуметтік қызметтерге қолжетімділіктің шектелуі және шешім қабылдауға қатыса алмау. Қазіргі уақытта миллиардтаған адамдар кедейлікте өмір сүріп, негізгі қажеттіліктерді (денсаулық сақтау, білім алу және су мен санитарияға қол жеткізу) қанағаттандыруда үлкен қиындықтарға тап болуда. Кедейлік – күрделі, көп қырлы проблема. Оның себептері ұлттық және халықаралық сипатта болады. Барлық елдер кедейшілікпен күресу үшін ортақ жауапкершілікке ие.

Дөңгелек үстел барысында кедейшілік проблемалары және оларды шешу жолдары, әлемдегі кедейлік деңгейі, Қазақстандағы кедейлік деңгейі, кедейлік психологиясы, ойлау және қаржы тақырыптары ой-талқыға салынды.

Іс-шараға қатысушылар дискуссияға қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, ақпаратпен бөлісіп, өз ойларын еркін білдірді. Нәтижесінде басқалардың қаржылық жағдайы әрбір адам үшін маңызды, өйткені барлық адамдардың әл-ауқаты өзара байланысты. Кедейшіліктің өсуі экономиканың дамуына зиянын тигізеді. Сатып алу қабілеті жоғалады, қоғамдық келісім бұзылады, саяси және әлеуметтік шиеленіс күшейеді. Кейбір жағдайларда қылмыстың жоғары деңгейін, саяси тұрақсыздықты және тіпті қарулы қақтығыстарды тудырады деген тұжырымдар жасалды.

 

                                                                            Ұйымдастырушы: Қайырбек М.Н.